Қытайда қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты
Қытайдың Сычуан провинциясында қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты. 40-тан астамы жараланған. Әсіресе Яань қаласы қатты зардап шегіп, бірнеше үй қирап қалды. Дүмпудің эпицентрі 17 шақырым тереңдікте анықталды.
Төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, медицина, байланыс және басқа да қызметтер апаттың зардабын жоюға шұғыл аттанған. «CCTV» телекомпаниясының хабарлауынша, олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, жол жөндеуге, электр және байланыс желілерін ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Зардап шеккен адамдар үшін 700-ден астам шатыр тігілген.
Қытайда соңғы рет 2008 жылы алапат жер сілкінісі болған еді. Сол кезде Сычуанда магнитудасы 7,9 балдық жер дүмпуі 90 мыңға жуық адамның өмірін қиған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24