Әлихан Смайылов «АЛЖИР» мұражайына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов «АЛЖИР» мұражайына барды

31.05.2022

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды. Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоғын қойды. «АЛЖИР» мемориалдық мұражай кешені Ақмол кентінде бұрынғы «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінің» орнында орналасқан. Әлихан Смайылов мұражай кешенін аралау барысында экспозициялар мен басты залдарды көріп, тарихи деректермен танысты.


Хабарламаларға жазылу