Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

10.07.2023

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов XIII «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу үшін Екатеринбург қаласына жұмыс сапарымен барды. 

Үкімет басшысы, ең алдымен, қаладағы Қазақстанның Бас консулдығының ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсім кезінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашев қызыл лентаны қиып, артынша Бас консулдықтың ғимаратын аралады. Премьер-министрдің айтуынша, Оралдың қақ орталығында Бас консулдықтың ашылуы біздің достық қарым-қатынастарымыздың дамуына елеулі серпін береді.


Хабарламаларға жазылу