Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды

22.06.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды. Үкімет басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Қазақстан елшісі Әлім Байел күтіп алды. Сапар барысында Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі. Әрі Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларын дамыту жайын талқылайды. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу