«Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» финалда кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» финалда кездеседі

28.05.2022

Бүгін, 28 мамырдан 29-на қараған түні - кәрі құрлықтың басты бәсекесі «Чемпиондар лигасының» финалдық ойыны өтеді. Ақтық сында англиялық «Ливерпульмен» испаниялық «Реал Мадрид» кубокқа таласады.

Финалдық бәсеке биыл «Стад-Де-Франс» стадионында өткелі отыр. Ал ойынға 40 жастағы француз төрешісі Клеман Тюрпен қазылық етпек.

Жартылай финалдық ойында Ливерпуль – Вильяреалдан айласын асырды. Ал Реал Мадрид – Манчестер Ситиді жеңген болатын. Еуропаның қос алыбы финалда осымен үшінші мәрте кездеспек. Төрт жыл бұрынғы текетіресте корольдік клуб - қызылдардан басым түскен еді.

Финалдық ойынды бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасы және «Қазспорт» телеарнасынан, түнгі 1 де тікелей эфирде көре аласыздар.


Хабарламаларға жазылу