Елімізде ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаюы мүмкін
Елімізде ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаюы мүмкін. Бұл туралы Сенат қабырғасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Еске салар болсақ биыл сәуір айында әлеуметтік сала шығындары қосымша 4 пайызға индекстелді. Салдарынан 40-50 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 2 мың теңгеге өссе, 300-400 мың теңгедегі зейнетақы 16 мыңға өскен. Теңсіздікті азайту үшін ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады, деді министр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:Екінші мәселе – ең төменгі жалақы мөлшері. Біз халықаралық еңбек ұйымымен және сарапшылармен бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2 жыл бұрын ең төменгі жалақы 42 500 теңге болатын. Қазір 60 мың теңге. Бұл орташа еңбекақы мен басқа да төлемдердің мөлшеріне оң ықпал етті. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ұсыныстар дайын болғанда, нақты айтатын боламыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18

Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05
VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады
18.09.2025, 20:01