Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны артты

26.05.2022

Инфекция 100 мыңнан астам адамнан анықталған. Науқастардың барлығының дене қызуы көтеріліп, жайсыздық сезінген. Жалпы елде вирус табылған тұрғындардың саны 3 млн 170 мыңға жетіп отыр. 68 адам қайтыс болған. Солтүстік Кореяда коронавирус мамырдың ортасында белең алды. Сол кезде үкімет індеттің тарауын тоқтату үшін қатаң шаралар қабылдап, күллі ел аумағында локдаун енгізді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу