Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 232 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 232 мыңнан асты

18.05.2022

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 232 мыңнан асты. Алты адам қайтыс болған. Елде вирус тарап жатқаны туралы ақпарат, өткен аптада шықты. Содан бері инфекция 1 миллион 720 мың адамнан анықталып, 62 тұрғын қаза тапқан. Бастапқыда індет "белгісіз безгек" деп аталып, кейін оның коронавирус екені расталды. Солтүстік Корея лидері тұрғындарға вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті жеткізу үшін, әскерилерді жұмылдыру туралы шешім қабылдады. Ким Чен Ын Үкімет мүшелерін коронавируспен күресте уақтылы әрі дұрыс шаралар қабылдамағаны үшін сынға алды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу