Елордадағы Зияткерлік мектепте өткен домбыра сабағы Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін. Биылғы оқу жылы домбыра сабағымен аяқталып, оған 1032 оқушы қатысты.
Рекорд «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен тіркелді. Сабақты 25-тен астам байқаушы мен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз байқаушы бақылап, бейнежазбаға түсірді. Мектеп ұжымы рекорд жасау үшін рекордтар кітабының барлық талаптарын сақтаған. Ал, мұндай бір мектептің мыңға жуық оқушысы ұлттық аспапта бір мезетте күй орындауы, әлемде тұңғыш оқиға ретінде тіркеліп отыр. Гиннесс рекордтар кітабының қорытындысы бір айдан соң белгілі болмақ.
Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы:Гиннестер кітабына хат жаздық, олар өтінішімізді қабылдады. Сабақ ретінде өтесіз, жалпы ұлтттық аспаппен қатысқан 250 деді ең көбі, біз барлық мектеп оқушылары ойнайды дедік, бұл дәлелді дүниелердің барлығын жібереміз.
Сәбит Әлдебай