Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен ауқымды домбыра сабағын өткізген ұстаз Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен ауқымды домбыра сабағын өткізген ұстаз Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады

27.05.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен ауқымды домбыра сабағын өткізген ұстаз Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады.

Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, олардың авторларын анықтауға ат салысып келесіз. Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті, еңбектеріңіз қазіргі таңда музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз, өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени шара, Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін, – делінген алғыс хатта.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу