Украина президенті Владимир Зеленский елінде жүріп жатқан қарулы қақтығысты тоқтату үшін Ресей басшылығында тек Владимир Путинмен ғана кездесуді қалайды. Мұны ол Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумға жолдаған видеоүндеуінде мәлімдеді. Зеленскийдің сөзінше, Киев маңында және Украинаның ресейліктер басып алған өзге аймақтарында адамдар жаппай өлтірілгендіктен, Ресейдің басқа жетекшілерімен келіссөз жүргізу енді мүмкін емес. «Ресей Федерациясында бәрін президент шешеді», - дейді Зеленский. Алайда, Мәскеу Ресей армиясының көрші мемлекетте бейбіт халықты нысанаға алғанын жоққа шығарып келеді.
Сонымен қатар, Зеленский Қырым проблемасына да тоқталды. Оның сөзінше, бұл түбекті күшпен қайтару әрекеті жүздеген мың адамның өмірін қиюы мүмкін.
Арыстан Рысбек