Зеленский: Донбаста жағдай өте күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский: Донбаста жағдай өте күрделі

19.01.2023

Ұрыс даласында, әсіресе Донбаста жағдай өте күрделі. Осылай деп мәлімдеген Украина президенті Владимир Зеленский мұнда қиян-кескі шайқас жүріп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, Ресей бомбалау және шабуылдау әрекеттерін күшейтіп жатыр. Бұған дейін Зеленский Давостағы форумда бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеген еді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Ресей террорды экспорттап жатыр. Украина әлемге бейбітшілік формуласын ұсынады. Ресейден де тез қимылдау қажет. Батыстың танкілері Украинаға ресейлік танкілердің кезекті шабуылынан бұрын жетуі тиіс.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу