Маңызды басқосу: Гутерриш, Ердоған және Зеленскиймен келіссөз жүргізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңызды басқосу: Гутерриш, Ердоған және Зеленскиймен келіссөз жүргізбек

18.08.2022

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Львовта украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізеді. Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоған Украинадағы атысты уақытша тоқтату, тұтқындар алмасуда Анкараның арағайындық етуі тәрізді бастамалар көтермек. Бұған қоса, Зеленскийге Ресей президенті Владимир Путинмен Түркияда кездесу туралы ұсыныс жасамақшы. Сонымен қатар, Ердоған, Зеленский мен Гутерриш Украина порттарынан астық пен азық-түлік экспорттау, Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі жағдайды талқылайды. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу