Алматыда 5 жасар бала суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 5 жасар бала суға батып кетті

11.05.2022

Алматы қаласында 5 жасар бала, суға батып кетті. Бүлдіршін Қарасу шағын ауданында кәріз суларын сору сатнциясы ретінде қазылған шұңғырға құлап кеткен.

Қайғылы оқиға 9 мамыр болған. Баланың денесін судан алып шыққандар мен куәгерлердің сөзінше, нысан қоршалмаған және маңайында ескерту белгілері болмаған. 25 мыңға жуық үй отырған тұрғылықты мекенге, ауызсу тарту және кәріз жүйесін салумен айналысып жатқан мердігер компания жұмысына салғырт қарады деп шағымданып отыр тұрғындар. Тапсырыс беруші қалалық энерго тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының өкілдері – шаруға жауапты компанияға ескерту жарияланғанын және тиісті шаралар қолданылатынын жеткізді. Сондай-ақ шұңқырдың неліктен қараусыз қалғанын айтты.

Еркебұлан Іліпбаев, қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бөлім басшысы:
Жұмыс барысында жер асты сулары көп мөлшерде шыққандықтан кәріз сору станциясын орнату мүмкін болмады. Соған байланысты бәрі жабылып, құрылыс жұмысы тоқтатылған. Бәрі жабылған кезде дұрыстап қоршалмаған. Бала астынан өтіп кеткен сияқты. Нақтысы тергеу жұмыстарынан кейін белгілі болады.

Энерго тиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қайтыс болған баланың ата-анасына материалдық көмек берілетінін жеткізді. Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу