Ереванда 10 мыңға жуық адам шеруге шықты
Армения астанасы Ереванда оң мыңға жуық адам үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты. Наразы топ парламент пен ішкі істер министрлігі ғимаратын қоршауға алған. Полициямен кішігірім қақтығыс болды. Бірнеше адам ұсталған. Дегенмен демонстранттар діттегенінен жетпейінше тарқамайтынын мәлімдеді. Арменияда премьер-министр Никол Пашинянға қарсы жаппай шерулер сәуірдің 25-де басталды. Оппозиция үкімет басшысы мен министрлер кабинетін Әзірбайжанмен жасалған келісім үшін айыптайды. Екі ел арасында 2020 жылы алты аптаға созылған қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған мәміле Ресейдің араағайындығымен жасалған еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті
14.10.2025, 10:29

Жас механизатор: Биыл күзгі науқанды аяқтап, мол өнім алдық
14.10.2025, 10:27
Ақмолалық диқандар рекорд жаңартты
14.10.2025, 10:22
Өзбекстанда жасанды интеллект көмегімен жол апаты азаяды
14.10.2025, 10:19
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін
14.10.2025, 10:17
Мексикада су тасқынынан ондаған адам қаза тапты
14.10.2025, 10:15
Газадағы соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылды
14.10.2025, 10:14
Нидерланд кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті
14.10.2025, 09:57