Маңғыстау облысында қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін жерден өрт шықты.
Қызыл жалын кеше кешкі сағат 18:00-де басталған. Қоқыс Күн сәулесінен қызып, от тұтанған деген болжам бар.
Оқиға орнына 20-дан астам техника жұмылдырылып, өрт таңғы 6:40 та бір-ақ өшірілді. Шамамен 300 шаршы метр аумақ жанып кетті.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қоқыс полигоны Баянды ауылына жақын орналасқан. Оған Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданынан шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар төгіледі. Полигонның жалпы аумағы 30 гектарды құрайды.
Нұрбек Қарасаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:
Бес метр биіктікте қоқыс жиналғандықтан, өрттің тереңдігін өлшеп шығару мүмкін емес. Бұл жердің технологиясына сәйкес, құммен бүркеп тұншықтыру арқылы сөндіріледі. Барлығы қауіпсіздік шараларын сақтау жұмыстарымен ұйымдастырылды.
Аягөз Оралбайқызы