Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

30.04.2024

Ақтөбеде өткен жексенбіде қоқыс полигонынан өрт шықты. Жалын сөнгенімен, тұрмыстық қалдықтар жиналған орын әлі бықсып, түтіні ауаға тарап жатыр.

Бұл аумақ тек былтырдың өзінде 19 рет өртенген. Одан кейін өңір билігі ескі полигонды жауып, оның үстін топырақпен бітеу жұмыстарын қолға алған еді. Ол үшін бюджеттен 220 миллион теңге бөлінді. Ал, бұл жолы оның қасынан ашылған жаңа полигон жанған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ, қала билігі жанып жатқан аумақтарды топырақпен бітеу жұмыстарын қолға алған.

Болат Серіков, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Өрттің шығу себептері, бірден бір себебі – қазіріг уақытта өздеріңізге белгілі Ақтөбе қаласының аумағында сенбіліктер жүргізіліп жатыр. Сухостой деп айтамыз, сол ағаштарды кіргізгеннен кейін ағаштардың ішінен өрт шықты. Қазіргі уақытта 200 бен 300 квадрарттың арасында өрт аумағы.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу