Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс полигоны жабылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс полигоны жабылып қалған

17.10.2019

Петропавлда қоқыс полигоны жабылды. Ал коммуналдық қызмет орындары қаладан шыққан қоқысты қайда апарып төгерін білмей дал. Олардың айтуынша, полигон басшылығы, сұрыпталмаған қалдықтарды қабылдайматындарын бір күн бұрын ғана хабарлаған. «Мәселе тез арада шешімін таппаса, қаланы қоқыстан тазарту қиынға соғады»,- дейді коммуналдық мекеме өкілдері.

Талап Нүрсепов қаладағы коммуналдық шаруашылықтардың бірінде көлік жүргізушісі. Күніне кемі 3-рет қатынап, қоқыс тасиды. Ал бүгін таңертеңнен бері полигонның алдында қаңтарылып тұр.

Талап Нүрсепов, жүргізуші:

9-да келдік, жабық, кіргізбейді. Бастықтарды шақырдық, олар да ештеңе шешкен жоқ. Білмеймін қанша тұратынымызды, күтеміз енді.

Тұрмыстық қалдықтар полигонына күніне 120 тонна қоқыс әкелінеді. Әр шаруашылықтың техникасы мен тиісті аумағына сай, жұмыс көлемі де әртүрлі. «Бірақ полигон басшылығының аяқ асты қабылдаған шешімі абдыратып тастады»,- дейді олар.

Лариса Пономарева, «Мюль-Сервис» коммуналдық мекемесінің өкілі:

Иә, қоқысты сұрыптау керек, онымен келісеміз. Бірақ ол үшін тұрғындарды үйретуіміз керек. Айыппұл арқылы, басқа да шара қолдану арқылы. Бірақ қоқыс шығаратын компанияны жазалау-тығырықтан шығар жол емес. Ертең қаладан қоқыс шығарылмаса 2-3 күннің ішінде қалдықтардың астында қаламыз.

Мұрат Есімханов, «Коммун-Север» мекемесінің директоры:

Ертең 240 тонна болады, күн сайын 120 тоннадан қосыла береді. Машиналар, қоқысты алып қалаға қайтып кетті. Жел тұрды, ертең-ақ қоқыс ортасында қаламыз. Бұл жағдай, полигонды ашқанша жалғасады. Бізге альтернатива ұсынбастан, осындай шара қолданып отыр.

Ал экологтардың өз уәжі бар. Полигонға тек сқұрыпталған қоқыс қана кіргізлу керек. Сонда ғана өрт азайып, қоршаған ортаға келетін зиян азаяды.

Азамат Бектасов, Облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

301 бапқа сәйкес тұрмыстық қалдықтар полигонына қағаз, шыны, полиэтилен, пластик қалдықтарын орналастыруға болмайды. Бұл заң. Технологиялар сақталмағандықтан, қазіргі күні өрт фактілері жиі кезедеседі.

Ал қалада пластик және қағаз бен шыны сияқты қалдықтарға арналған арнайы контейнерлер аз. Оған қоса, тұрғындар, қоқысты полиэтилен қапшықтарға салып шығарады. Сондықтан, бұл мәселенің жуық арада шешілуі неғайбыл.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу