«Жаңа толқын-2014»: Әлішер Кәрімов - 4-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014»: Әлішер Кәрімов - 4-ші орында

25.07.2014
«Жаңа толқын-2014»: Әлішер Кәрімов  - 4-ші орында

Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан «Жаңа толқын - 2014» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан әнші Әлішер Кәрімов сайыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша - 4-ші орында.

Екінші күнгі сайыс талабы бойынша қатысушылар танымал әншілермен бірге ән шырқауы тиіс болды.

Әлішер бұл кезеңде «Жаңа толқын-2010» байқауының ІІ орын иегері, украиналық Татьяна Ширкомен  «Исповедь любви» әнін шырқады.

Қазылар алқасы қазақстандық әншіге екі күннің нәтижесі бойынша 143 балл берді.  Ол байқаудың алғашқы күні 73 ұпайды еншілеген болатын.

Үшінші күнгі сайыс «Премьералар күні» деп аталады. Талап бойынша үміткерлер жаңа ән орындауы шарт.

Әлішер көпшіліктің назарына Талант Арғынғалидың сөзіне жазылған  Ғалымбек Исімбергеновтің «Әрине» атты әнін ұсынады.

Айта кетейік, «Жаңа толқын-2014» байқауын «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу