Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында «Әлия» әнін орындайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында «Әлия» әнін орындайды

16.07.2014
Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында «Әлия» әнін орындайды

«Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов 13-ші жас әншілердің халықаралық «Жаңа толқын-2014»  байқауында 3 ән орындайды, олардың бірі - «Әлия», - деп жазылған байқаудың ресми сайтында.

Бүгінде қатысушылардың барлығы Юрмалаға келіп, дайындықтарына кірісіп кетті. 23-ші шілдеде өтетін байқаудың алғашқы күнінде олар көрермен назарына әлемдік хитті ұсынады. Екінші күні өз елдеріндегі танымал әндерді орындайды. Ал үшінші күні, 26 шілдеде, әлі орындалмаған, жаңа әндерін шырқайды.

«Байқау үшін репертуарды таңдауыма әлемдік өнерге деген махаббат әсер етіп, «Памяти Карузо» туындысын алдым. Отаныма, тарихымызға құрмет ретінде екінші күні «Әлия» әнін айтамын. Ал, заманмен бірге алға жылжуымды үшінші әнімнен көре аласыздар», - дейді Әлішер.

Биыл «Дзинтари» концерттік залдың сахнасында 13 елден келген 16 қатысушы бағын сынайды.

«Жаңа толқын» байқауының басты мақсаты – дарынды таланттарды анықтау. Оны ұйымдастыру 2002 жылы  бастау алған. Идея авторлары - композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулс.

 

Хабарламаларға жазылу