«Жаңа толқын-2014»: Бүгін Алла Пугачеваның шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014»: Бүгін Алла Пугачеваның шығармашылық кеші өтеді

25.07.2014
«Жаңа толқын-2014»: Бүгін  Алла Пугачеваның шығармашылық кеші өтеді

«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауы аясында бүгін Юрмалада Алла Пугачеваның шығармашылық кеші өтеді.

Кешке ресейлік шоу-бизнес өкілдері Филипп Киркоров, Николай Басков, Игорь Крутой, Валерий Меладзе, Полина Гагарина, Игорь Николаев, Александр Розенбаум, Лайма Вайкуле, Кристина Орбакайте, Сергей Лазарев, Алсу, Лолита Милявская, Николай Носков, Леонид Агутин, Тамара Гвердцители, «А-Студио» тобы, Нюша, Аида Гарифуллина, Дима Билан, Любовь Успенская, Анжелика Варум, Никита Пресняков, Владимир Пресняков, Александр Буйнов және  Юлия Проскурякова қатысады.  

Сонымен қатар, бүгін Рига қаласындағы «Кипсала» жағажайында шоу-бизнес жұлдыздары мен байқау үміткерлері арасында дәстүрлі турнир өтеді.

Айта кетейік, халықаралық байқауда Қазақстан атынан бақ сынап жатқан Әлішер Кәрімов екі күннің қорытындысы бойынша 143 балмен 4-ші орында тұр.

Байқауды  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін 23.00-де тікелей эфирде ұсынуда.

Хабарламаларға жазылу