Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауының бірінші күнінде екінші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауының бірінші күнінде екінші орын алды

24.07.2014
Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауының бірінші күнінде екінші орын алды

Юрмаланың «Дзинтари» концерт залында «Жаңа толқын-2014» байқауының бірінші күнгі сайысы аяқталды. Қатысушылар әлемдік хит бағытындағы таңдап алған әндерін орындап шықты. Бірінші күннің нәтижесі бойынша қазақстандық Әлішер Кәрімов 73 балмен екінші орында келеді. Ал бірінші орында 76 балл алған Грузия әншісі Нуца Бузаладзе.

Айта кету керек, екінші орынды Әлішер Кәрімов Украина елінен келген әншілер Виктория Петрик және Вячеслав Рыбиковпен бөлісті. Үшінші орында 72 ұпай жинаған ресейлік Нодар Ревия.

Еске сала кетейік, «Жаңа толқын» байқауы үш кезеңнен тұрады. Бірінші күні (23 шілде) қатысушылар әлемдік хит орындаса, конкурстың екінші күнінде  (24 шілде) әр қатысушы өз елінің хит әнін шырқайды. Ал байқаудың соңғы күнінде (26 шілде) «Жаңа толқын» байқауына арнайы жазылған әндерін орындамақ.

Хабарламаларға жазылу