Нұр-Сұлтандағы «Көркем Tower» тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы «Көркем Tower» тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болды

28.04.2022

Елордада көп қабатты үйге құрылыс краны құлап, 6-шы қабаттағы пәтерлердің бірінің терезесін қиратты. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға шамамен күндізгі сағат 2-лерде «Көркем Tower» тұрғын үй кешенінде орын алған. Ғимараттың жанында бизнес-орталықтың құрылысы жүріп жатқан. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өнеркәсіптік қауіпсіздік Департаментінің өкілдері де жөнелтілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу