Нұр-Сұлтандағы 3 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй залалсыздандырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтандағы 3 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй залалсыздандырылады

15.04.2020

Бұл уақытта Қазақстан бойынша вирусқа қарсы шаралары күшейіп жатыр. Мәселен, Нұр-Сұлтандағы 3 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй түгел залалсыздандырылады. Ол үшін 165 тонна дезинфекциялық ерітінді алынған. Алдымен аулалар, ойын алаңдары, онан кейін әр үйдің кіре берістері қамтылады.

Залалсыздандыру кезінде бірінші қабаттан соңғы қабатқа дейін толық қамтылады. Бірақ лифтісі жоқ үйлер де бар. Сондықтан әр қабатқа баспалдақпен көтерілуге тура келеді.

Жұмыстың барысын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған мониторингтік топ бақылайды.

Енді әкімдік залалсыздандыру жұмыстарының схемасын, үйлердің тізімі мен реттілігін арнайы сайтқа салмақшы. Кез-келген тұрғын атқарылып жатқан жұмыстарды сол арқылы бақылай алады.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу