Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

18.06.2021

Алматыда жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты. Оқиғаның видеосын куәгерлер әлеуметтік желіде бөлісті. Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт солтүстік айналма жол бойындағы тұрғын үй кешенінде салынып жатқан 9 қабатты үйдің бірінші қабатынан шыққан. Мамандардың айтуынша, пластик құбырлар жанып, қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер оқиға орнына жеткенше, өрт сөндірілген.


Хабарламаларға жазылу