Түркиядан баспана сатып алушы қазақстандықтар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядан баспана сатып алушы қазақстандықтар көбейген

31.03.2021

Қазақстаннан өткен айда 60 миллиард теңге шетелге шығарылған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, ең көп қаржы Түркияға жіберілген. Одан кейін Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан орналасқан. Қаржының басым бөлігі Анадолы еліне жіберілуі бекер емес.

Түркиядан баспана сатып алушы қазақстандықтар көбейген. Тіпті еліміз осыннан үй алу жағынан тоғызыншы орында тұр. Ел азаматтары Түркиядан бір жылда 1200-ге жуық жылжымайтын мүлік сатып алған.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу