Бүгін АҚШ президенті Джо Байден батыстағы одақтастарымен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы дағдарысты және Ресейді одан әрі оқшаулау үшін күш біріктіру мәселелерін талқылайды. Ақ үй таратқан мәлімдемеге қарағанда, бұл диалогтар видеоқоңырау форматында ұйымдастырылмақ.
Америка әкімшілігінің өзге бір мәліметінше, Байден әзірге Киевке сапар шегуді жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен, ресми Вашингтон Украина астанасына президенттің орнына мемлекеттік хатшы Энтони Блинкинді жіберуі мүмкін.
Арыстан Рысбек