Бүгін – «Жаңа толқын-2014» байқауының алғашқы жарыс күні. 13 елден келген 16 қатысушы бүгін Юрмала төрінде жұртшылыққа өнерлерін паш етпек. Қатысушылар бүгін әлемдік хит орындайтын болады.
Жарыстың алғашқы күнгі шымылдығын Қырғыз елінен келген «Style Mix» триосы ашса, байқауды қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов қорытындыламақ.
Айта кету керек, Әлішер Кәрімовтың бүгінгі айтатын әні - Адриано Челентаноның «Confessa» әні.
Фестивальді тікелей эфирде Ұлттық арнадан бүгін 23.00-де тамашалай аласыздар.