Қазақстанның күніне 320 мың баррель мұнайы сатылмай қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның күніне 320 мың баррель мұнайы сатылмай қалуы мүмкін

06.04.2022

Сәуір айының ортасына дейін Каспий құбыр желісі консорциумындағы жөндеу аяқталмаса, елге шығын келеді. Осылай деген Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазір консорциумда бір ғана айлақтың жұмыс істеп тұрғанын айтты. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның күніне 320 мың баррель мұнайы сатылмай қалуы мүмкін. Еліміз биыл 85,7 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлаған. Министр оның көлемі әзірге өзгермейтінін жеткізді. Ал әлемдік нарықта мұнай бағасы құбылып тұр. Бүгін Brent-тің құны сейсенбіге қарағанда арзандап, 106 долларға сатылып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу