Мұнай бағасы тағы өсуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы тағы өсуі мүмкін

05.07.2022

Әлем нарығында шикізат қоры азайды деген ақпарат мұнай бағасының тағы өсуіне әсер етуі мүмкін. Әсіресе Норвегиядағы жағдай. Норвег мұнай-газ қауымдастығы жұмысшылардың шеруге шыққанын хабарлады. Соның салдарынан Норвегиядағы мұнай өндірісі күніне 130 мың баррельге дейін азаюы мүмкін. Сонымен бірге демалыс күндері мұндағы мұнай өңдеу зауытынан өрт шыққан. Саяси дағдарысқа байланысты Ливиядан да шикізат экспорты азайып жатыр. Қазір Brent сұрыпты мұнай құны 112 доллардан асады. Америка мұнайы 108 долларға сатылып жатыр. 

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу