Мариуполь: 7 гуманитарлық дәліз ашу жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мариуполь: 7 гуманитарлық дәліз ашу жоспарланып отыр

02.04.2022

Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Мариупольден бейбіт халықты көшіруге тағы әрекет жасап көреді. Өткен тәулікте бұл қалаға жіберілген 54 автобус кері қайтарылған еді. Бір айдан астам уақытта 90 пайызы қираған Мариуполь қаласында 450 мыңдай тұрғынның 160 мыңы әлі де кете алмай отыр. Себебі, атысты тоқтату туралы келісімдер орындалмай жатыр. Украина вице-премьері Ирина Веращюк мәлімдегендей, оларды көшіру үшін 7 гуманитарлық дәліз ашу жоспарланған. Соның бірі жеке көлігімен кетемін деушілерге арналмақ. Ресми Мәскеу шабуылшылар азаматтық нысандар мен бейбіт халықты көздеді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ресей армиясы Киев маңындағы Гостомель әуежайын тастап, солтүстіктен кетіп жатыр. Ендігі мақсат – Украинаның шығысына қайта топтасып, Донбасстағы екі облыс – Луганск пен Донецкті алу.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу