Елбасы: Алдағы 10 жылда 660 мың жаңа жұмыс орындары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Алдағы 10 жылда 660 мың жаңа жұмыс орындары ашылады

25.03.2016
Елбасы: Алдағы 10 жылда 660 мың жаңа жұмыс орындары ашылады

«Бүгінгі таңда экономика мен еңбек қатынастары саласындағы ұлттық заңнамалар бизнестің мүддесіне қарата түбегейлі өзгеріске ұшырады. Фермерлер мен аграрлық кәсіпорындарды қоса алғанда отандық ірі, шағын және орта бизнесті ынталандыру үшін көп ыңғайлы жағдайлар жасалды. Алдағы 10 жылда елімізде 660 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Оның 70 мыңы қайта өңдеуші инновациялық  секторда болады»,-деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлттық экономикаға жаңа инвестициядық қарқын берілгендігін айтып өтті. «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша еліміз 189 елдің арасында 41 орынға тұрақтады. Еңбек тиімділігі жағынан Қазақстан 140 елдің арасында 18-ші орында тұр. Шетелдік инвесторлар үшін «жасыл дәліз» ашылды. Аграрлық секторға Германия, Италия, Қытай сияқты елдерден стратегиялық инвесторлар тартылды. Олардың қатысуымен Ақмола облысында ірі сүт-тауарлы ферма мен зауыт ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында қуаты жылына 37 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы заманға сай ет комбинаттарын ашу жоспарланып отыр. Оларға салынатын инвестиция көлемі 66 млрд теңгенің көлемінде»,-деді ҚР Президенті. 

Хабарламаларға жазылу