Украинадағы «Азовсталь» қорғаушылары Ресейге тергеу үшін жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы «Азовсталь» қорғаушылары Ресейге тергеу үшін жіберілді

08.06.2022

Украинадағы «Азовсталь» қорғаушылары Ресейге тергеу үшін жіберілді. Бұны «ТАСС» жаңалықтар агенттігі хабарлап отыр. Бұл сарбаздардың барлығы Ресей күштерінің үздіксіз шабуылынан кейін, Мариуполь қаласындағы зауыттан өз еркімен қаруларын тастап, берілуге мәжбүр болған. Олар тергеледі деген ақпарат расталса, Ресей мен Украина арасындағы онсыз да шиеленіскен бейбіт келіссөздерге нұқсан келуі мүмкін. Киев «Азовсталь» қорғаушыларын ресейлік тұтқындармен алмастырудан үмітті.

Лавров пен Чавушоғлы экспортқа дәліз ашу мәселесін талқылады

Ал Украина порттарында тұрып қалған бидайды экспорттау үшін дәліз ашу мәселесін, Түркия мен Ресейдің сыртқы істер министрлері талқылады. Бұл мәселені шешу үшін Анкара арағайындық жасауға дайын екенін айтқан. Кездесуден кейін Түркия сыртқы істер министрі, астықты экспорттау жоспары ақылға қонымды деді. Лавров болса, алдымен Украина порттарын минадан тазарту керегін айтты.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу