Бүгіннен бастап зейнетақы қорынан алатын қаржының жеткілікті шегі 2 есеге жуық өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап зейнетақы қорынан алатын қаржының жеткілікті шегі 2 есеге жуық өсті

01.04.2022

Бүгіннен бастап зейнетақы қорынан алатын қаржының жеткілікті шегі екі есеге жуық өсті. Енді салымшылар тұрғын үй алу немесе емделуге арналған жинақтарын өзгерген көрсеткіштер бойынша ала алады. Мәселен, 30 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек мөлшері 4 миллион 370 мың теңге болмақ. Осыған дейін бұл санаттағы салымшыларға шектеу 2,5 млн теңге болатын. 40 жастағы тұрғындардың ең төменгі шек мөлшері 5 миллион 790 мың теңгеге дейін көтерілген. Бұған дейін 3 млн 420 мың теңге еді. Наурыздың соңғы күндері «Отбасы банкінен» жинақ ақшасын алушылардан сұраныс та көбейген.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу