Зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегі өсті

01.04.2022

Бүгіннен бастап зейнетақы қорынан алатын қаржының жеткілікті шегі өсті. Енді салымшылар тұрғын үй алу немесе емделуге арналған жинақтарын өзгерген көрсеткіштер бойынша ала алады. Мәселен, 20 жастағы азаматтар үшін жеткілікті шек мөлшері 3 миллион теңге болмақ. Осыған дейін бұл санаттағы салымшыларға шектеу 1 миллион 700 теңге болатын. 40 жастағыларға ең төменгі шек мөлшері 5 миллион 700 мың теңгеге дейін көтерілген.

Наурыздың соңғы күндері «Отбасы банкінен» жинақ ақшасын алушылардан сұраныс та көбейген. Екі мың теңге алу үшін 150-ден астам өтініш келіп түсіпті. Тіпті, екі азамат өз есепшоттарына зейнетақы қорынан бес және қырық теңге аударып алған.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу