Қалалардағы экологиялық жағдай нашарлап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалалардағы экологиялық жағдай нашарлап барады

31.03.2022

Ауаның жоғары деңгейде ластануы өлім-жітімнің көбеюіне сеп. Жылына орта есеппен құрбандар саны 2%-ға өскен. Ал, қатерлі ісікке шалдыққандар қатары үш жылда 14%-ға артты. Сенатор Әбдәлі Нұралиев қалалардағы экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдірді. Жалпы, елдің басым бөлігінде атмосфера таза емес. «АрселорМитталдың» өзінен жылына ауаға 250 мың тоннаға дейін зиянды зат тарайды. Бұл шаң, күкірт, азот диоксиді, көмір, қорғасын, хлор сутегі, аммиак.

Әбдәлі Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 
Қазақстан Париж келісіміне орай 2030 жылға қарай парниктік газдардың шығарылуын 15%-ға қысқартуды міндетіне алған. Есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың орындалмауына байланысты экология мəселелерінің «Жол қарталары» пысықталып, нақтылануы керек және іс-шаралардың нәтижелі жүзеге асырылуы тиіс деп санаймыз. 


Хабарламаларға жазылу