Қор нарығында доллар тағы 12 теңгеге арзандады. Ұлттық валютамыз нығайып келеді. KASE-де Америка ақшасы 458 теңге 20 тиынға теңесті. Ақша айырбастау орындарында 461-467 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылар доллар бағамы 445-455 теңгеге дейін түсіп, теңге тағы нығаюы мүмкін дейді. Айтуынша, бұған рубльдің біршама тұрақталуы әсер етеді. Сонымен бірге қаржы нарығында өткен аптамен салыстырғанда қазір долларға сұраныс азайып келеді. Шетел валютасын жаппай сатып алғандар енді оның құны қайта түскенде айырбастау орындарына өткізіп жатыр дейді сарапшылар.