АҚШ доллары арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ доллары арзандады

02.06.2020

Доллар тағы арзандады. Бірнеше күннен бері құнсызданып жатқан шетел валютасы бүгін таңғы сессияның қорытындысы бойынша 402 теңгеге теңесті. Ал түстен кейін ақша айырбастау орындарында бір доллар 399-401 теңге шамасында саудалап жатыр.Сарапшылардың пайымдауынша теңгенің нығайуына әлемдік экономиканың жандануы, АҚШ-тағы тұрақсыздық әсер етіп отыр. Тіпті кей мамандар 1 доллардың құны 380 теңгеге дейін арзандап кетуі мүмкін.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу