Доллар бүгін тағы 3 теңгеге арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар бүгін тағы 3 теңгеге арзандады

01.06.2020

Доллар үш теңгеге арзандады. Шетел валютасы Нұр-Сұлтанда 408-409 теңгеден, ал Алматыда 409-410 теңгеден сатылып жатыр. Сәуір айының басында 447 теңге шамасында болған доллар екі айдың ішінде 30 теңгеге жуық арзандады. Экономистердің пайымдауынша, ұлтық валютаның қымбаттауына көп елдерде карантин режимінің тоқтатылуы, әлемдік экономиканың қайта жандана бастауы әсер етіп отыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу