Қостанай облысында жолда қалған 17 адамды құтқарылды. Сонымен қатар ауырып қалған үш тұрғын ауруханаға жеткізілді. Мәселен, Әулиекөл ауданының Тұрғымбай ауылынан жүкті әйелді құтқарушылар «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігімен 100 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, ауруханаға аман-есен апарған.
Ал Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» бағытында көлікпен жолға шығып, қар құрсауында қалған 105 адам әрі қарай діттеген жеріне пойызбен жетті. Олардың 28-і бала. Жолаушыларды мінгізу үшін пойызға Өлеңті станциясына қосымша тоқтауға тура келген.