Алматы облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

22.11.2021

Демалыс күндері Алматы облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған тоғыз адамға көмекке келді. Екі жағдай Алакөл ауданында тіркелсе, бір шақырту Кербұлақ ауданынан түскен. Үшарал-Достық жолының Жалаңашкөл учаскесінде қалған автокөлікте үш адам болған. Олардың біреуі бала. Сондай-ақ Көктұма ауылынан 15 шақырым жерде трактор қалың қарда қалып қойған. Ауылшаруашылық техникасында екі адам отырған. Алакөл ауданы жедел құтқару жасағының қызметкерлері оларды Көктұма елді-мекеніне эвакуациялады. Ал төрт адам мінген Тойота Хайлюкс автокөлігі Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылы маңында қалың бораған қардан өте алмаған. Сарыөзек өрт сөндіру бөлімінің мамандары оларды Жүзасу қыстағындағы шаруа қожалықтарының біріне жеткізді. Құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған 9 адамның бәрі дін аман.


Хабарламаларға жазылу