Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

08.02.2022

Түркістан облысында бір тәулік бойы хабарсыз кеткен жолаушылар табылды.

Бес адам жетінші ақпан күні сағат 12-лер шамасында жеңіл автокөлікпен Егізқара ауылынан Ынталы елдімекеніне жолға шыққан. Алайда, олар хабарсыз кеткен соң туыстары құтқарушылардан көмек сұрайды. Тұрғындарды іздестіруге өңірдің 9 құтқарушысы арнайы техникамен шығып, жолаушыларды он шақырым жерден тапты. Олар Егізқара ауылының тұсында қар құрсауында қалып қойған. Бәрі дін аман.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу