2 млн публицистикалық мәтін qazcorpora.kz сайтына орналастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 млн публицистикалық мәтін qazcorpora.kz сайтына орналастырылды

05.03.2022
2 млн публицистикалық мәтін qazcorpora.kz сайтына орналастырылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына қолдау көрсету және мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөніндегі жиналыс өтті.

2021 жылы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында публицистикалық мәтіндердің 2 млн бірлігіне талдау жасалып, qazcorpora.kz сайтына орналастырылды.

2022 жылдан бастап жыл сайын сөзқолданыс санын 10 млн арттырып, 2025 жылы Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы сөзқолданыстар санын 40 млн жеткізу жоспарланып отыр.

Жиын барысында Ералы Тоғжанов мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты нақты тапсырмалар берді:

- Жаңа әрі көпшілікке қызықты контентті қалыптастыру үшін сапалы аудармашы мамандар пулын қалыптастыру;

- Ағылшын тілін үйретуге арналған қосымшаларды жан-жақты зерделеу;

- Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін қазақ тіліндегі толықметражды 2 мультфильм, 10 мультсериал, 10 балалар теле-бағдарламасын, 20 балалар әдебиеті шығармасын, 30 сапалы аударма әзірлеу бойынша ұсыныстарды пысықтап енгізу;

- Мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөніндегі ұсыныстарды, кеңестердің қазақ тілінде өтуі, құжаттардың мемлекеттік тілде дайындалуы бойынша критерийлерді енгізу.


Хабарламаларға жазылу