Сарапшы: Элит және бизнес санатындағы үйлер қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Элит және бизнес санатындағы үйлер қымбаттайды

03.03.2022

Ал доллардың қымбаттауы тұрғын үй нарығын тығырыққа тіреп қойды. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы қазір құрылысшылардың 30 пайызы жұмысын уақытша тоқтатты дейді. Айтуынша олар теңгенің тұрақталғанын күтіп отыр. Ал элит және бизнес санатындағы баспаналардың бағасы өседі. Өйткені оның құрылысына негізінен импорттық құрылыс материалдары қолданылады. Комфорт және эконом класындағы үйлердің құны керісінше біртіндеп арзандауы керек дейді. Өйткені оның бағасы былтыр сұраныстың артуынан 15-20 пайызға қолдан көтерілген. Енді қазір бұрынғыдай көп сатып алушылар жоқ. Оның үстіне зейнетақы қорындағы қаржының жеткілікті шегі өсірілгені белгілі. Бұл шаршы метр бағасының арзандауына әкелуі тиіс дейді сарапшы. Сондай-ақ жалдамалы пәтерлерге қатысты да ойын айтты.

Ермек Мүсірепов, Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы:
Қаңтар, ақпан айларында пәтерді жалдау ақысы шаршы метріне 3400 теңге, яғни 5,2%-ға өсіп отыр. Жазға таман керісінше арзандайды. Өйткені аз қамтылған отбасылар үшін пәтерақыны субсидиялау бағдарламасы басталады. Бұл бағаның арзандауына әкелері сөзсіз. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу