Түркістан облысында тұрғын үйлерден қару, оқ-дәрі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тұрғын үйлерден қару, оқ-дәрі табылды

18.02.2022

Түркістан облысы Созақ ауданында екі үйден заңсыз сақталған оқ-дәрілер мен қару тәркіленді. Жедел-іздестіру шаралары кезінде үйлердің бірінен «АК-47» маркалы автомат пен оқ-дәрі, 2 дана тир және 16 калибрлі 2 ұңғылы аңшы мылтығы табылды. Сондай-ақ, электр тоқ таратқыш құрылғы мен 2 дана 16 калибрлі атылған оқ гильзасы тәркіленді. Ал екінші күдікті үйінде оқ дәрі жасырып қойған болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, арнайы сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, оның қандай мақсатта қару сақтағаны анықталуда.

Айнұр Ақбаева



Хабарламаларға жазылу