Алматыда полицейлер жасырылған арсеналды анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда полицейлер жасырылған арсеналды анықтады

08.07.2022

Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды. Тегіс ұңғылы мылтық, жауынгерлік тапанша мен әртүрлі калибрлі оқ бірнеше жерге көмілген. Бұталардың іші мен ағаштардың арасында ақ қапшыққа салынған қару-жарақ жедел тексеріс барысында анықталды. Бүгінде барлық тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Аталған дерек Полиция департаментінде тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін бұл арсеналдың кімдікі және қайдан шыққаны белгілі болады. Дегенмен, тәртіп сақшылары қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған болуы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу