Австралия толық вакциналанғандар үшін өз шекарасын ақпанның 21-де ашатын болды. Мұны ел премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді. Оның сөзінше, екпе салдырмағандар Австралияға кіру үшін арнайы өтініш жазып, отельде карантиннен өтуге тиіс.
Жергілікті үкімет мемлекет шекарасын өзге елдердің азаматтары үшін 2020 жылы наурызда жапты.
Былтыр қарашада «омикрон» штамы табылғалы, Австралияда коронавирусты 2,4 миллион адам жұқтырған. Оған дейін мұндай науқастар саны «Жасыл континентте» 200 мыңға да жетпепті. Ал, пандемия басталғалы бұл ел ковидтан 4250-ге жуық адам жоғалтқан.
Арыстан Рысбек