Мадагаскардың солтүстік-шығысында «Батсирай» тропикалық дауылынан 10 адам қаза тапты. Тасқын жүріп, күшті жел тұрып, ағаштар құлап, электр жарығы өшкен. Табиғи апаттан елдің Носи Варика қаласы орасан зардап шекті. Мұнда ғимараттардың 95 пайызына жуығы қираған. Тұрғындардың сөзінше, қаланың дауылдан кейінгі көрінісі бомба құлағандай әсер қалдырады. Ал екі апта бұрын аралды мемлекетке «Ана» циклоны соққы берген еді. Одан 55 адам қаза тауып, 130 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Арай Төлегенқызы