Қарағандыда жүк көлігі мен тепловоз соқтығысып қалды. Темір жол өткелінен өтіп үлгермек болған жүк көлігін тепловоздың соққаны бейнежазбада анық көрінеді. Камаздың рөлінде 32 жастағы азамат отырған. Ол дін аман. Тек көлік пен тепловоз зақымданған. Полиция мән-жайды анықтау үшін тиісті сараптамаларды тағайындады.