Алматыда жүк көлігі мен самокат мінген ер адам соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүк көлігі мен самокат мінген ер адам соқтығысты

04.08.2020

Алматыда жүк көлігі мен самокат мінген ер адам соқтығысып, оқыс оқиға болды. Әуезов және Гоголь көшелерінің қиылысында болған жол апаты бейнебақылау камерасына жазылған. Видеодан жүк көлігінің жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Осы сәтте самокатта жоғары жылдамдықпен келе жатқан ер адам көлікке соғылады. Абырой болғанда оның денсаулығына қауіп төнген жоқ. Оқиға орнына куәгерлер де барып, самокат жүргізушісіне көмектескен.

Хабарламаларға жазылу